Венгрия еңбек мигранттарына шекарасын ашты

Пандемиядан кейін елде экономика жанданып, жұмысшылар жетіспей жатыр.

Жергілікті билік алдағы 2 жылда жарты миллионға жуық шетелдік азаматты қабылдауға ниетті. Биыл Венгрия парламенті шетелдік жұмысшыларды тарту жөнінде заң қабылдады. Онда еңбек мигранттарына 3 жылға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.