Англия банкі пайыздық мөлшерлемені көтеруден бас тартты
Өйткені инфляция төмендей бастаған.
Қазіргі деңгейі 5,25% шамасында. Бірақ аталған шешім нарыққа едәуір әсер етті. Осының алдында сарапшылар инфляция деңгейі тағы 0, 25%-ке көтеріледі деп болжаған еді. Орталық банк басшысы бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген пайыздық мөлшерлеме инфляцияны тізгіндеу үшін жеткілікті деп есептейді.