Берлинде велосипед тебуге шектеу қойылды

Еуропаның бас қалалары орталық көшелерді көліктен арылтып, велосипедпен жүретін аумақтарды көбейтуге күш салып жатыр.

Бірақ Берлиннің жаңа билігі бұл бағыттағы жобалардан бас тартып, авто жүргізушілер құқығын қорғауға көшті.

Берлинде таңғы уақытта шайтан арбасына мініп жұмысына асыққан жандарды көптеп кездестіру - үйреншікті көрініс. Бірақ көшелердің бәрі велосипедшілер үшін қолайлы деп айтуға келмейді. Оның үстіне қаланың жаңа билігі велосипедпен жүретін аудандар құру идеясынан бас тартты. Тұрғындардың да көзқарасы әртүрлі.

Блиц:

- Қалада велосипедпен жүру қиын. Бірақ соңғы 10 жылда веложолдар біршама жақсарған. Десе де Фрайгбург шаһарымен салыстыра алмайсың. Ол жақта велосипедшілер үшін барлық жағдай жасалған.

- Әрине әр қалада велосипедшілерге арналған орындар болуы тиіс. Бірақ оны көлік жолдарының есебінен шешуге қарсымын. 

Көлік қозғалысына қатысты мәселе қаланың заң шығарушы органына сайлау кезінде де қызу талқыланды. Тіпті христиан-демократтар автокөлікке тыйым салынған, велосипедпен жүретін аудандар құру жобасына қарсы саясат ұстанып, жеңіске жетті. 

Йоханнес Крафт, Христиан-демократиялық партияның берлиндегі өкілі:

- Қаладағы қозғалыс туралы бұрынғы үкімет бекіткен заң велосипедшілерді қолдауға бағытталған еді. Бірақ біз шаһарда барлық көлік түрінің қауіпсіздігі маңызды екенін ұмытпауымыз керек. Оған жаяу жүргінші, қоғамдық көлік, метро, автобус, теміржол - бәрі кіреді. Олардың біреуіне басымдық беріп, екіншісін елемей қою дұрыс емес.

Сарапшылар "Жаңа билік автокөлік жүргізушілердің құқығын ғана қорғаштап, велосипедпен жүретіндердің мүддесін елеусіз қалдырып отыр" деп есептейді.

Рагнхильд Соренсен, "Қаланы өзгерту" сараптамалық орталығының өкілі:

- Мен христиан-демократтар билік басында тұрғанда, қалада автокөлік жүрмейтін аудандар құру сияқты жобалардың жүзеге асатынына күмәнданамын. Себебі, олар Берлиндегі көлік қозғалысы заңына өзгерістер енгізуді ұсынды. Онда велосипедшілерге арналған барлық жеңілдіктерді алып тастау көзделген. 

Берлиннің жаңа билігі сайлауалды уәдесін орындауға кірісіп те кеткен. Мысалы, бұған дейін тыйым салынған кей көшелерге көліктер қайта оралған. Бірқатар ауданда веложолдар салу тоқтатылған.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы