Лиссабонда мұғалімдер шеруге шықты

Португалия астанасы Лиссабонда жүздеген мұғалім шеруге шықты.

Олар жалақы көлемін арттыруды талап еткен. Қазір бұл елде мектеп ұстаздарының айлығы 1 мың еуроға жетпейді. Ең білікті деген педагогтың еңбекақысы 2,5 мың еуроға жетуі мүмкін. Бірақ белсенділер ондай жағдайға жетуге кедергі көп дейді.

Жозе Роша, математика мұғалімі:

- Мұндай ереуілге алғаш қатысып жатқан жоқпын. Бізде жұмыс орнында мүлде жағдай жоқ. Білім беру жүйесінде мәселе бастан асады. Жұмыстан шығып жатқан мұғалімдер жетіп артылады.