Климаттың өзгеруі Германияда қатты байқала бастады
Мамандар биылғы көктемде ылғалдың әдеттегіден көп болғанын айтады.
Жаңбыр көп жауған. Ал жаз ерекше ыстық болды. Аптап күзде де жалғасты. Ауыл шаруашылығы министрлігі 38 миллион тонна бидай жинап, жақсы нәтижеге қол жеткізгенін қуана хабарлады. Бірақ былтыр түсім бұдан 4 есе жоғары болған еді. Шаруалар климат өзгерісіне бейімделуге тырысып жатыр. Мысалы, елдің оңтүстігінде жержаңғақ сияқты экзотикалық жемістер өсіріле бастаған. Берлиннің маңында үлкен алқаптар пайда болды.
Изабель Зегер, «Duh» климаттық ұйымының өкілі:
- Берлиннің дәл іргесіндегі Бранденбург жері Германиядағы ең құрғақ аймаққа айналды. Жазда жауын-шашын өте аз. Қуаңшылық басқа аймақтарды да жайлап алды. Сондықтан шаруалар кәсіптің жаңа түрлеріне көшіп жатыр. Біз бұл ауыртпалыққа климаттың өзгеруі басты себеп деп есептейміз. Биліктің алға қойып отырған мақсаттарын іске асыру үшін біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек.