ЕО мигранттарды тежеу үшін Туниске қаржы берді
Еуроодақ мигранттар нөпіріне тосқауыл қою үшін Туниске 127 миллион еуро беретін болды.
Бұл келіссөздер шілде айында басталған еді. Қаражаттың біраз бөлігі африкалық елдің жағалау күзетінің кемелерін жөндеуге және қайта құрылымдауға жұмсалады. Халықаралық көші-қон ұйымымен бірге босқындарды қорғау және елге қайтару жұмысы да қолға алынады.
Ана Писонеро, Еурокомиссия өкілі:
- Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Еуроодақ пен Тунис мигранттарға қатысты халықаралық заңнама талаптарын толық ұстану бойынша ынтымақтастық жасасуға келісті. Бұл шарттарда әсіресе адам құқығын сақтау басты назарда болмақ.