Берлинде «Автокөліксіз бір күн» атты акция өтті
Германия астанасында «Автокөліксіз бір күн» атты акция өтті.
Тұрғындар мен қала қонақтары қоғамдық көлікпен ғана жүрді. Ұйымдастырушылар «Мұны ерікті түрде қолға алдық, өйткені Берлинде тіркелген көлік саны 1 миллионнан асып кеткен» деп алаңдайды. Акцияға байланысты 40 көше толығымен жабылды. Бұған әсіресе балалар қатты қуанды. Жолдар әп-сәтте ойын алаңдарына айналған.
Дэнис, Берлин тұрғыны:
- Көлігім бар. Бірақ бүгін мінген жоқпын. Қоғамдық көлікпен жүрмін. Осындай күннің болғаны керемет екен! Біріншіден, қоршаған орта үшін пайдалы, екіншіден, жолдар қауіпсіз орынға айналды. Тіпті қызым екеуіміз бүгінгі тақырыпқа сай плакат жасап әкелдік. Қызыма тура көшенің бойында сурет салып, ойнаған қатты ұнайды.
Томас, белсенді:
- Автокөліксіз өтіп жатқан күн көзімізді көп нәрсеге жеткізді. Десе де темір тұлпардың қажеті бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Одан мүлде бас тарту мүмкін емес. Сондықтан арасында автокөлікті тастап, қоғамдық көлікпен, метромен немесе велосипедпен жүрген ойға қонымды болады деп санаймын.