Перу билігі қолды болған 76 жәдігерді елге қайтарды
Ағаш, мата, күйік тастан жасалған құнды заттар АҚШ, Швейцария мен Бельгия музейлерінде сақталып келген.
Экспонаттардың көбі Испания отаршылдығына дейінгі кезең мәдениетіне жатады. Тарихи мұралар арасында инктер патшалығының зергерлік бұйымдары бар. Перудің Мәдениет министрлігі 2019 жылы 4 мыңдай жәдігерді елге қайтару жобасын қолға алған еді. Алдағы уақытта Куско қаласында арнайы музей мен зерттеу орталығы салынады.