Мексика арқылы АҚШ-қа өткісі келетін мигранттар көбейді
Мексика арқылы АҚШ-қа қарай бет алған мигранттар тағы көбейді.
Осы ай басталғалы америкалық әскерилер шекараны заңсыз кесіп өткен 142 мың босқынды ұстады. Олардың арасында венесуэлла азаматтары бар. Мәліметке қарағанда, бұл елден кейінгі жылдары 7,5 миллионнан аса азамат өзге елдерге бас сауғалаған.
Иорвар Лиендо, Венесуэлалық мигрант:
- Қазір шекараға жақын қалаға баратын пойызды күтіп жатырмыз. Сапарымыз қауіпті екенін білемін. Бірақ бізде басқа амал жоқ. Мақсатым АҚШ-қа өтіп, жаңа өмір бастау.
Қалада босқындар қаптады
Мексикамен шекаралас Техас штатындағы Эль-Пасо қаласының билігі де шаһарда мигранттар күрт артқанын мәлімдеді. Қала мэрі бұл жаңа биліктің көші-қон саясатының салдары деп демократтарды айыптап отыр. Осыны меңзеген жергілікті билік босқындарды демократтар басқаратын Нью-Йорк, Чикаго қаласына автобуспен тегін таси бастаған.