Ресейде коронавирус жұқтырғандар көбейді
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 6 апта бойы көбейген үстіне көбейіп барады.
Өткен жетіде 50 пайызға артқан. Ал ауруханаға түскендер қатары 20 пайызе ұлғайды. Бұл індетпен күрес жөніндегі жергілікті оперативті штабтың мәліметі. Дәрігерлердің айтуынша аурудың өршуіне омикронның эрис және пирола деп аталатын нұсқаларының таралуы себеп. Мәскеуде науқастардың көбеюіне байланысты Сокольникидегі дала госпиталі қайта іске қосылды. Мың адамдық бұл уақытша емдеу орыны 2020 жылы құрылған.