Табиғат қорғаушылар Берлин марафоны кезінде наразылық акциясын өткізді

Олар жарыс басталарға 2 минуттай қалғанда спортшылардың жолына бояу шашқан.

Полицейлер наразылық танытушыларды тез ұстады. Экобелсенділер бұл арқылы жергілікті билікті климаттың өзгеруімен күресті күшейтуге шақырмақ болған. Ұйым өкілдері бұған дейін де түрлі акциялар ұйымдастырған болатын.