Кенияда жирафтар азайып барады

Кенияда қорықтағы жирафтарға "ДжиПиЭсі" бар құрылғы тағыла бастады.

Бұл аша тұяқтылардың қозғалысы мен мекен ететін аудандарын анықтауға көмектеседі. Яғни, оларды сақтап, көбейтуге мүмкіндік береді - дейді мамандар. Дерекке қарағанда, Кенияда 1990-шы жылдардан бері жирафтардың саны 80 пайызға азайып кеткен.

Муками Роро, мал дәрігері:

- Елде жирафтар жыл сайын азайып барады. Бұған климаттың өзгеруі себеп. Қуаңшылықтан жануарлар елді мекендерге жақын жерлерге қарай қоныс аударып, түрлі қауіп-қатерге тап болып жатыр.