Ливияда тасқыннан кейінгі лас судан 150 адам уланды

Ливиядағы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар енді таза суға зәру болып отыр.

Тасқын кезінде кәріз желісіне қатты зақым келіп, ауыз су ағынды сумен араласып кеткен. Осы уақытқа дейін 150 адамның уланғаны анықталды. Көрсеткіш әлі де өсуі ықтимал. Инфекция қаупі қазан айында басталып, 3 айға созылатын жаңбырлы маусымға ұласуы мүмкін дейді мамандар. Елге Қытай, Франция, Сауд Арабиясы, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек келіп жатыр.