Гватемалада су тасқынынан кемі 6 адам опат болды

Гватемалада жауын соңы су тасқынына ұласты.

Жергілікті өзен арнасынан асып, тұрғын үйлерді қиратты. Соның салдарынан 6 адам опат болып, тағы 13 тұрғын хабар-ошарсыз кетті. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елдегі Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің хабарлауынша, жыл басынан бері су тасқынынан 29 адам опат болған.