Трамп алаяқтық бабы бойынша айыпты деп танылды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алаяқтық бабы бойынша айыпты деп танылды.
Банктер мен сақтандыру компанияларына берген қаржылық есебінде ол өз байлығын жылына миллиардтаған долларға асыра көрсеткен. Бас прокуратураның мәліметінше, Трамп 2011 жылдан 2021 жылға дейін өз активтерінің құнын көтерген. Сот шешімі бойынша ол 250 миллион доллар шығынды қайтаруы тиіс. Шешім Нью-Йоркте шығарылды. Бұл - Трампқа қарсы 6 істің бірі, оның ішінде төртеуі - қылмыстық іс. Ал экс-президент бұл шешімге қарсы шағымданатынын мәлімдеді.