Венгрия Швецияны қолдаудан бас тартты

Венгрия Швецияның НАТО ұйымына кіру туралы өтінішін әзірге қарамайды.

Үкімет басшысы Виктор Орбанның пікірінше, бұл дұрыс шешім. Сондай-ақ ол Стокгольмді Венгрияны қорлау саясатын тоқтатуға және елдегі құқықтық мәдениеттің құлдырауы туралы ескертулерден бас тартуға шақырды. Швецияның НАТО-ға мүшелік етуіне қарсылық қос ел арасындағы шиеленістің күшейе түсуінен туындап отыр. Әу бастағы түсініспеушілік Венгриядағы демократиялық ахуал туралы бейнероликтің Швед мектептерінде таралуынан бастау алды. Негізінен НАТО-ға мүше болу үшін үміткер елді Альянсқа қатысушы мемлекеттер түгел мақұлдауы керек. Әйтпегенде бұл мүмкіндіктен айырылады. Стокгольм әлі де Түркияның өтінімін ратификациялаған жоқ.