Өсімдіктен жасалған ет тамақ бола ма?
Жер бетіндегі зиянды газдың 25 пайызы, азық-түлік өндірісіне тиесілі.
Оның ішінде ең қауіптісі, ірі қараға тиесілі. Экологтар бұл мәселені шешудің бірден бір жолы ретінде, өсімдіктен баламалы ет өндіруді ұсынып отыр.
Климаттың өзгеруіне ауыл шаруашылығының кері әсері көп екенін екінің бірі біле бірмейді. Әсіресе жаһандық жылынуға мал мен тыңайтқыштың теріс ықпалы зор. БҰҰ зерттеулеріне жүгінсек, жаһандық жылынудың 14 пайызы мал шаруашылығының үлесінде. Бұл көлік, ұшақ және басқа да қозғалыс құралдары шығаратын газдың жиынтық көлемінен артық.
Танават Тьенсин, БҰҰ Мал шаруашылығы және денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы:
- Зиянды газ көлемін азайту үшін біз жем-шөптен бастап қоршаған ортаны ластайтын барлық істі азайтуға күш салуымыз қажет. Ауыл және мал шаруашылығының тиімділігін арттырған жөн.
Парниктік газ бен метан көбіне сиыр етін өндіру кезінде бөлінеді. Орташа есеппен алғанда әлемде 100 грамм сиыр етін дайындау үшін 50 келі парниктік газ шығарылады. Қазір ақуыз өндіруді қолға алған компаниялар бар.
Эд Стил, биотехнологиялық компания басшысы:
- Біздің өнімнің кәдімгі етке қарағанда шығыны аз әрі бағасы арзандау.
Қазір ет сауда орталықтарында сатылатын шұжық және басқа да тамақтан қымбат. Бірақ бұл уақыт өте келе өзгеретініне сенімім мол.
Әлемдік стартаптар қазірдің өзінде үкіметтер мен қорларды дәстүрлі мал шарушылығынан біртіндеп бас тартып, етті өсімдіктен жасауға шақырып отыр. Сарапшылар бұл климаттың өзгеруімен тиімді күресуге және 2050-ші жылға қарай 9 жарым миллиард адамды тамақтандыруға мүмкіндік береді.
Дәурен Ақашұлы, Жанна Құсайынова