Сарапшы: Жолдаудағы экономикалық бағыт тау-кен саласына серпін береді

Президенттің халыққа Жолдауындағы экономикалық бағыт тау-кен саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Елдің инвестициялық тұрғыдан тартымдылығын арттырады. Индонезиялық Indrilco Group компаниясының негізін қалаушы Мұхаммад Бавазир мемлекет басшысының Жолдауымен жіті танысып, осындай пікір білдірді.

Цитата:

«Жолдауда энергетика мен инфрақұрылымды дамытуға зор мән берілген. Бұл біздің инвестициялық ұстанымымызбен толық үйлеседі. Тау-кен саласында ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі индонезиялық компания ретінде құжаттағы көлік желілерін ұлғайту туралы бастаманың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастырады».