Бразилияда жауын-шашын толастар емес
Соның кесірінен елдің оңтүстігіндегі өзен-көлдер арнасынан асып, аймақта тасқын жүреді деген қауіп бар.
Қазірдің өзінде жағаға жақын орналасқан футбол алаңдарын су басқан. Осыған байланысты билік өкілдері жергілікті жұртқа ескерту жасап жатыр.
Өз кезегінде ұлттық метеорологиялық институты биылғы қыркүйекте жауған жауын-шашын мөлшері 100 жыл бұрынғы рекордтан асып кеткенін айтады.