Боливияда ауа сапасы нашарлады
Боливиялықтар тағы да бетперде тағуға мәжбүр.
Бұл жолы оған ауру емес, ауа сапасының күрт нашарлауы түрткі болды. Ел астанасы маңындағы шаруа қожалықтарынан шыққан өрттен ауаға зиянды қалдықтар тарап, тұрғындардың тыныс алуын қиындатып жіберген. Ол аздай, қаладағы аптап ыстық та жығылғанға жұдырық болып тұр. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап, сыртта бетперде киюге, физикалық белсенділікті азайтуға кеңес беріп жатыр.