NASA ғарышкері рекорд орнатты
Америкалық NASA ғарышкері Фрэнк Рубио Халықаралық ғарыш станциясында 371 күн болып, рекорд орнатты.
Былтыр қыркүйек айында ресейлік қос астронавтпен СОЮЗ-МС 23 кемесінің 69-шы экспедиция тобымен сапарға аттанған ол әуелде 6 айға қалуды жоспарлаған. Бірақ кеңістікте кеменің істен шығуына байланысты іссапар тағы жарты жылға созылды.
Жыл бойы Фрэнк әуеде түрлі эксперименттер ұйымдастырып, ғарыш физикасы мен биология, робототехника ғылымдары бойынша тың зерттеулер жүргізген.
Фрэнк Рубио, NASA ғарышкері:
- Ғарышта 1 жылды өткізу – мен үшін үлкен құрмет. Менің ойымша, мұндай тұрақтылық адамзат денесінің ұзақ мерзімге шыдап, үйренісіп, тағы да Айға аттануына мүмкіндігі барын көрсетеді. Ғарыш кеңістігінде біз түрлі жаңашылдықтарды ойлап тауып, Жердегі адамзатпен бейнеконференция орнатудың мүмкіндіктерін зерттедік.