Ташкенттегі жарылыстан ғимараттар зардап шекті. LIVE

Ташкентте жойқын жарылыс болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, кеден органдарына тиесілі қойма отқа оранып, күлі көкке ұшқан. Оның жалыны мен қуаты күшті болғаны соншалық, жақын маңдағы ғимараттар зардап шекті. 

Нурия Темірбаева, жергілікті тұрғын:

- Түн жарымда жарылыстан шошып ояндық. Жан-жағымыз түгел қираған. Төбемізден темір-терсек түсіп жатты. Бұл жер өндірістік аймаққа айналып барады. Бізді бұл жерден көшіріп алмаса болмайды. Әкімдік мәселемізді шешеді деген үміттеміз.