Қазақ елінің көне карталары Францияда көрсетілді
Осылайша жергілікті ғалымдар, зерттеушілер мен саясаткерлер тамыры терең тарихымызбен таныса алады.
Мұхит-Ардагер Сыдықназаров ұзақ жылдар бойы бүкіл әлемденгі қазақтарға қатысты көне карталарды жинап, оларды зерттеп келеді. Ірі жобаға Еуропа мен Американың мұражайларынан алынған 2 мыңға жуық карта кірді. Олардың бір бөлігі алғашқы атлас кітабына енген.
Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ заманауи зерттеулер институтының директоры:
- 15-19 ғасыр аралығындағы француз карталарының арқасында біз автоэтноним және автополитонимдерді аштық. Бұл белгілі бір халықтардың өздеріне берген атауы деген ұғымды білдіреді. Мысалы қазақтар өз мемлекетін Жеті деп атаған. Сонда қарасаңыздар, бәрімізге мәлім "Жеті жарғы", "Қазақ жарғысы" дегенді білдіреді. Жетісай, Жетісу деген атаулар да осыған ұқсас.
Үлгілердің ең көнесі - Нанси глобусы. Ол 1530-жылы жасалған. Франция аумағынан табылды. Онда Қазақ хандығы бейнеленген. Батыс тарихшыларының ескі карталарынан тек географиялық деректер ғана емес, өзге де құнды мәлімет табуға болады. 19-шы ғасырдың басында француз ғалымы өз картасында Қазақ хандығындағы халық саны 4 жарым миллионға жуықтады деген ақпарат келтірген. Жылдар өте келе тиісті деректі ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан да растады.
Бернар Стирн, Франция рухани және саяси ғылымдар академиясының тұрақты хатшысы:
- Кітап жақсы шыққан. Осы карталардың көмегімен Қазақстанның тарихы жас мемлекет болғанына өте терең екеніне көз жеткізіп отырмыз. Біздің Франция Ғылым академиясы үшін бұл деректің бәрі қызық.
"Жазбаша құжаттардың ішіндегі ең құндысы осы географиялық карталар" дейді ғалымдар. Сондықтан қазақ тарихшысы Сыдықназаровтың кітабы Францияның Ұлттық ғылым академиясының кітапханасына қойылмақ.
Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Әлия Сыздыкова, Руслан Өмиржан