Испанияда оқушы 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Испанияда мектеп оқушысы сыныптастары мен мұғалімдерге пышақпен шабуыл жасап, 5 адам жаралады.
Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқушы жақсы отбасыдан шыққан. Бұған дейін тәртіпсіздік әрекеттерімен көзге түспеген. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Мамандар жеткіншек 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.