Испания мен Португалияда сынап бағанасы +35 градусқа дейін көтерілді

Испания мен Португалияда күн ысып тұр.

Бұл елдерде сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтерілген. Ыстықтың табандап тұрып алғанына бірнеше күн болды, қайтатын түрі жоқ, - дейді метеорологтар. Мамандар мұны бірінші кезекте жаһандық жылынумен байланыстырып отыр. Себебі ауа температурасының көрсеткіші әдеттегіден 5-8 градусқа жоғары екен.