Анкарадағы жарылысты Күрдістан жұмысшы партиясы жасаған

Анкарадағы лаңкестік әрекетті Күрдістан жұмысшы партиясы (ПКК) өз мойнына алды.

Екінші террористің жеке басы анықталу үстінде. Түркия Ішкі істер министрлігі осылай деп мәлімдеді. Мұны күрд содырлары да мойындаған. Олар жарылысты парламенттің жаңа сессиясының ашылуына орайластырған. Ал елдің Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан жұмысшы партиясына тиесілі 20 нысанды әуеден соққы жасап, талқанғанын хабарлады.

Айта кетейік, аталған ұйым Түркия, АҚШ пен ЕуроОдақта террористік қозғалыс ретінде тіркелген.