Мексикада шіркеудің құлауынан 9 адам ажал құшты
Мексиканың Сьюдад-Мадеро қаласында шіркеудің төбесі опырылып түсіп, 9 адам қаза болды.
Тағы 40 кісі жараланған. Полицияның мәлімдеуінше, апат кезінде ғимарат ішінде жексенбілік діни жоралғыға жиналған жүзге жуық адам болған. Үйінді астында қалып қойғандар да бар. Оларды іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр.