Кенияда кемедегі ең ірі кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бірер күн бұрын су көлігі Момбаса қаласына жетіп, зәкір тасталды.

Кеме ішінде 5 мыңнан аса кітап қойылған. Тұтынушыларға 60-тан аса адам қызмет көрсетеді. Ал іс-шара жыл бойына жалғасады. Осы мерзімде кеме Жерорта теңізіндегі порттарға тоқтап, жергілікті жұртқа түрлі шығармалар ұсынады. 

Алессандро Даль Касро, кеме экипажының мүшесі:

- Біз әртүрлі компаниялармен жұмыс ітейміз. Олар кітаптарына үнемі жеңілдік жасап тұрады. Кей жағдайда өте тиімді бағамен ұсынады. Мұндай кезде біз де оларды арзан сатуға тырысамыз.