Қазақ әншісі Кореяда ән шырқады

Кореяда қазақ әншісі өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрқанат Тәпиев Сеулдегі Мемлекеттік театр сахнасында корей, ағылшын және итальян тілдерінде ән шырқады. 23 жастағы опера әншісі Оңтүстік Корея сахнасына алғаш рет өткен жылдың соңында шыққан болатын. Қазір солистің репертуарында оннан астам корей әні бар және ол оларды нақышына келтіріп орындайды. Нұрқанат биыл Қазақ өнер университетін және «Астана Опера» халықаралық академиясын тәмамдаған. Қазір корей тілін үйреніп жүр.

Лим Чон Хва, опера әншісі:

- Пандемия аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастық жандана түсті. Мен Қазақ ұлттық өнер университетінде корей музыкасынан сабақ беруді жоспарлап отырмын. Ал Нұрқанат корей сахнасында өнерін жалғастырады. Ол корей тілінде өте жақсы ән айтады. Біз оны әйгілі тенор ретінде бүкіл әлемге танытуға тырысамыз.

Нұрқанат Тәпиев, опера әншісі:

- Болашақта осы кәріс тілін үйреніп, бұл жерде оқу наурыз айынан басталады екен. Сол себепті наурыз айында, бәлкім бір, әлі айтып айтқан жоқпын, бірақ бір жерге, бір университетке үлкен магистратураға түсуге үміттімін.