Қазақстан мен Әзербайжан әскери-теңіз жаттығуын өткізеді
Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның «Хазри-2023» әскери-теңіз жаттығуы өтеді.
Бакуге Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен «Сарыарқа», «Орал» зымыранды-артиллериялық корабльдерімен және «Жайық» гидрографиялық кемесімен Қазақстан Қарулы Күштерінің әскерилері барды. Бірлескен жиын кезінде әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығуы өтеді. Әрі корабльдерді ұрысқа үйлестіру, жауынгерлік іс-қимылды ұйымдастыру жоспарланған. Қазақстан мен Әзербайжанның теңіздегі әскерилері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша дайындықты пысықтайды.