Бангладеште денге безгегі өршіп тұр
Жыл басынан бері дерт салдарынан мыңнан астам адам көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазір 200 мыңға жуық тұрғын ауырып жатыр. 2022 жылғы статистикалық дерекпен салыстырғанда өлім саны қазірдің өзінде 4 есе көп. Ең қауіпті кезең маусымнан қыркүйекке дейінгі жаңбырлы маусым. Биыл ауру әсіресе ауылдық аймақ тұрғындарына қауіпті.