Зимбабведе алтын кенішіндегі апаттан 13 адам қаза тапты
Зимбабведе алтын кен орнындағы апаттан қаза болғандардың саны 13-ке жетті.
21 адам құтқарылды. Шахтада кеншілерді іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Чегуту қаласы маңындағы оқиға өткен сенбіде болды. Шахтаның жабық болғанына қарамастан жергілікті тұрғындар алтынды заңсыз өндірумен айналысып келген.