Испанияда зәйтүн ағашы жойылып барады
Испанияда аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан зәйтүн ағаштары жойылып барады.
Соған байланысты зәйтүн майының бағасы жыл басынан бері 50 пайызға қымбаттаған. Елдегі өндіріс көлемі екі есе қысқарды. Шығынға батқан фермерлер мәселені шеше алмай дал. Осылайша әлемде зәйтүн майын өндіретін жетекші ел тығырыққа тірелді. Сарапшылар мәселені шешудің жолы - өндіріс көлемін ұлғайту, дейді. Алайда климаттық өзгерістер жағдайында оны қалай жүзеге асыруға болатыны әзір белгісіз.