Израильдік мамандар араларды құтқаруға арналған қосымша ойлап тапты
Израильдік мамандар аралар тұқымын сақтауға септесетін мобильді қосымша ойлап тапты.
Датчиктер ара ұяларындағы температураны, ылғалдылық пен дыбысты өлшейді. Содан кейін жасанды интеллект арқылы алынған дерек талдауға жіберіледі. Бұл әдіс омарташыларға жәндіктердің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, ұшатын жәндіктер планетадағы басқа жануарларға қарағанда 8 есе тез жоғалып жатыр. Олардың популяциясының азаюы азық-түлік қауіпсіздігі мен экожүйеге тікелей қауіп төндіреді.