Канар аралдарына ағылған мигранттар күрт көбейді

Испанияның Канар аралдарына да ағылған мигранттар саны күрт көбейді.

Елдің Жағалау күзеті ағаш қайыққа мінген 271 босқынды құтқарды. «Қызыл Крест» ұйымының өкілдері мұны рекорд деп отыр. Себебі соңғы рет 2008 жылы бір қайықпен 234 мигрант жеткен.

Ресми дерекке сүйенсек, жалпы жыл басынан бері 15 мың кірме Пиреней түбегіне табан тіреген. Мамандар бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ке артық дейді.