Нигериядағы зауытта жарылыс болды

Нигерияның Риверс штатында жасырын жұмыс істеп келген мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, 37 адам көз жұмды.

Апатқа қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп. Жарылғыш заттар кәсіпорынға жақын жерге орналастырылған.

Оның үстіне бұл елде мұнай ұрлау жиі кездеседі. Соңғы мәліметке қарағанда, Нигерияда қылмыстық топтар күн сайын 400 мың баррельге дейін «қара алтын» жымқырады. Олар мұнайды көрші елдерге астыртын жіберіп, қыруар пайда табады екен.