Ұлыбританияда үкімет ірі теміржол жобасынан бас тартты
Бұл туралы ел Премьер-министрі мәлімдеді.
Мұндай шешімге шығынның көптігі себеп. Жалпы, бұл жоба 80 миллиард фунт стерлинке бағаланады. Бастапқы жоспарға сәйкес, ол арқылы корольдіктің солтүстігіндегі аймақтар Лондонмен жаңа жүрдек пойыз желісі арқылы байланысуы керек болған. Алайда министрлер кабинеті қаржы мәселесін назарға алып, жобаны тоқтатты. Енді оның орнына өзге жобаларды қолға алу көзделіп отыр.
Риши Сунак, Ұлыбритания Премьер-министрі:
- Үкімет қаржы мәселесіне байланысты "ЭйчЭс 2" жобасының қалған бөлігін жалғастырудан бас тартып отыр. Оның орнына қалған 36 миллиард фунт стерлинг жаңа көлік компанияларын қаржыландыруға жұмсалмақ.