Ирак Сириямен арадағы шекараны дуалмен шегендей бастады

Ол Ирактың солтүстік-батысындағы Анбар аймағында бой көтеріп жатыр.

Жоспар бойынша дуал 50 шақырымға созылады. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, дуал Шам елінен ағылған лаңкестік ұйымдардан қорғану үшін тұрғызылып жатыр. Естеріңізде болса, 2014-ші жылы содырлар қос мемлекеттің біраз аумағын басып алып, өз билігін құрмақ болған. Жалпы, Ирак пен Сирия шекарасының ұзындығы 600 шақырымды құрайды.

Тахсин Әл-Хафаджи, Ирак әскерінің өкілі: 

- Үкімет Сириядағы саяси ахуалды ескере келе арадағы шекарада бақылауды күшейтіп, қабырға салуды шешті. Ол аймақты тиімді қадағалауға мүмкіндік береді деп сенеміз.