Миссури штатындағы мектептер аптасына төрт күн оқитын болады
АҚШ-тың Миссури штатындағы білім ошақтары төрт күндік жұмыс кестесіне көшуге ниетті.
Мұндай өзгеріс кей мектептерде пандемия кезеңінен бері жүзеге асырылып келеді. Икемді кестенің игілігін көрген ата-ана мен ұстаздар бұл бастаманы қолдап отыр. Дегенмен қысқартылған аптаның,,, оқушылардың сабақ үлгеріміне кері әсері байқалған.
Кейінгі жылдары Миссури штатында бала саны артып, мектептерге сұраныс көбейді. Сол себепті жергілікті үкімет білім беру жүйесіне 4 күндік оқу кестесін енгізген. Жоба негізінен өңірдің батыс бөлігі мен ауылдық округтерінде қолданылып жатыр.
Пол Томпсон, Орегон мемлекеттік университетінің доценті:
"Елімізде 13 мыңнан астам мектептің 900-ге жуығы қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Жыл сайын төрт күндік кестеге ауысып жатқан білім беру ұйымдарының қатары артып отыр”.
Қысқартылған оқу кестесі ауыл тұрғындарына тиімділігін көрсетіп отыр. Өйткені үйде балаға қарайласатын ата-әже бар. Сондықтан жұмысбасты ата-ана үшін бала күтімі уайым емес. Ал қалада қысқа жұмыс аптасы қолайсыздығын көрсетті.Себебі кей отбасылардың жұмыс күні балаларын қарайтын күтушіні жалдауға жағдайы келмейді.
Брэнди Пруэнте, ата-ана:
- Баланың күтімімен айналысу мектепке жүктелмеген. Дегенмен, оқу орыны сапалы білім беруге міндетті. Қысқартылған сабақ кестесі оқушылардың үлгеріміне зиян келтіре ме деп қорқам. Мұнан бөлек, апта ішінде үйде қалған балама күтуші жалдап, қосымша қаражат төлеуге мүмкіндігім жоқ.
Қысқартылған кесте оқушылардың сабақ үлгеріміне кері әсер ете бастаған. Сол себепті қазан айынан аймақтың білім беру ошақтарында балаларға қосымша дәріс ұйымдастыру қолға алынды.
Кристофер Досс, саясаттанушы:
- Қазір оқушылар мектепте түрлі қиындықтарға тап болып, жиі күйзеліске ұшырайды. Ал 4 күндік кесте балалардың тынығып, тәртіпке бағынуына көмектеседі. Саланама да ата-аналар мен мұғалімдердің 80 пайыздан астамы оңтайландырылған кестені қолдайтыны білдірген.
Зерттеулер бастаманың отбасы шығынын азайтуға көмектескенін көрсетті. Сарапшылар Миссури штаты алдағы уақытта 4 күндік оқуға көшуі әбден мүмкін дейді.
Әсия Нұрлыбаева