Перуде халықаралық қылмыстық топ ұсталды
Перу полициясы іздеуде жүрген жергілікті күдікті мен халықаралық қылмыстық топтың 31 мүшесін ұстады.
Оларды қолға түсіру операциясы ел астанасы Лимада, Анд пен Амазонка аймақтарында жүргізілді. Оған 500-ден астам полиция қызметкері мен 50 прокурор қатысты.
Дина Болуарте, Перу президенті:
"Эль-Трен-де-Арагуа деп аталатын қылмыстық топ ұрлау, тонау, зорлау сынды ауыр қылмыстармен айналысады. Осыған байланысты полиция қызметі "Дирго-2023" атты ауқымды шараны қолға алып, ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Қазір оларға адам саудасымен айналысу, кісі өлтіру істері бойынша айып тағылып отыр.