Үндістанда су тасқынынан опат болғандар саны 42-ге жетті

Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған 150 адамды іздестіріп жатыр.

Осыдан 3 күн бұрын жергілікті өзен арнасынан тасып, бір ауылды түгел шайып кетті. Жолдар қирап, автокөліктер де су астында қалды. Елдің төтенше жағдай қызметі қалыпты деңгейден екі есе көп мөлшерде жауын жауғанын айтады.  Ғалымдар өзен арнасының тасуын мұздықтардың еруімен және климаттық өзгерістермен байланыстырады.