ХАМАС тобы Израильге қарсы операция бастады
Палестинаның ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы "Әл-Ақса дауылы" әскери операциясын бастады.
Елдің оңтүстігінде және орталығында, соның ішінде Тель-Авив, Иерусалим тағы басқа бірнеше қалада ескерту дабылдары іске қосылды.
ХАМАС әскери қозғалыс қанатының басшысы Мұхаммед Дейфтің айтуынша, Израиль аумағында 5 мыңнан астам зымыран мен снаряд атылған. Салдарынан 26 адам қаза тауып, жүзден астамы жарақат алды. Ал Премьер-министр Беньямин Нетаньяху қауіпсіздік өкілдерінің шұғыл жиналысын ашып, ел соғыс қарсаңында екенін мәлімдеді. Қорғаныс армиясы осылайша 50 жылда алғаш рет елде соғыс жағдайын жариялады.
Ал бұл Газа секторы аймағындағы ең ірі Газа қаласында болған зымыран шабуылы. Израиль әскери күштері жауап ретінде аймақта әскери операцияны бастады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аймақта 1 адам қаза тапқан. Айта кетерлігі, Тель-Авив-Астана бағыты бойынша әуе рейстері уақытша тоқтатылды.