Мексикада автобус апатынан 16 адам қаза тапты

Мексикада мигранттар мінген автобус апатқа ұшырап, 16 адам опат болды.

27-сі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көлікте Венесуэла мен Гаитиден АҚШ-қа жол тартқан азаматтар отырған екен. Қоғамдық көлік Мексиканың орталық аймағындағы, иммигранттар солтүстікке қарай шекара асатын аймақта, аударылған. Еске салайық, АҚШ-қа аттанатындар әдетте жүк көліктері, автобус, жүк пойыздары – кез келген көлікке міне береді. Түрлі қауіптен өтеді.