Ауғанстанда жер сілкінісінен 2 мыңнан аса адам қаза болды

Ауғанстанның батысындағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 2 мыңға жетті.

Тағы 9 мыңнан аса тұрғын жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап "АссошиЭйтед пресс" агенттігі хабарлады. Табиғат апатынан 1 мыңнана аса үй қирап бүлінген. Өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Кеше Ауғанстанның Герат аймағында 6,3 балдық екі жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы шаһардан солтүстікке қарай 40 шақырымдай жерде тіркелді. 

Шахпур Мухиб, дәрігер:

- Біздің ауруханамызға жер сілкінісі кезінде жапа шеккендер әлі түсіп жатыр. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде. Зілзаладан жарақат алғандар артуы мүмкін.