«Хезболла» Израиль бекіністерін атқылады

Ливандағы «Хезболла» тобы Израильдің Голан жоталарындағы әскери бекіністерін зымыранмен атқылады.

Изариль жауап ретінде Ливандағы "Хезболланың" нысандарына соққы берген. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Израиль Сирияның Голан жоталарын 1967 жылы "6 күндік" соғыс кезінде жаулап алған. Ливан бұл аудандағы кей мекенді өзінің аумағы деп санайды.