Түркия күштері Сириядағы лаңкестерге соққы берді
Түркия күштері Сирияның солтүстігінде әскери операция жүргізіп, 58 лаңкестің көзін жойған.
Елдің Қорғаныс министрлігі бұл шара өткен жексенбі күні Анкарадағы лаңкестік әрекетке байланысты жүзеге асырылғанын хабарлайды. Ол кезде Түркия Ішкі істер министрлігінің ғимараты жанында жарылыс болып, 2 полицей жараланған еді. Шабуыл жасаған 2 содырдың көзі жойылды. Түркия билігі лаңкестер Сириядан келгенін мәлімдеп, содырларға қарсы арнайы операция бастаған.