Үндістанда су тасқынынан 22 мың отбасы жапа шекті
Үндістанның Сикким штатында су тасқынынан мыңдаған адам жапа шекті.
47 тұрғын көз жұмды. Тағы 100-ден аса адам із-түзсіз жоғалып кетті. Өңірде құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Аймақтағы су тасқынына толассыз жауын себеп. Селдетіп құйған жаңбырдан су бөгеті бұзылып, бірнеше мекенді су шайып кеткен.
Прем Сингх Таманг, Сикким штатының бас министрі:
- Аймақта су тасқынынан 22 мың отбасы жапа шекті. 4 мыңдай жанұя құтқарылып, арнайы лагерьлерге орналастырылды. Жалпы штатта табиғат апатынан жапа шеккендер үшін 26 уақытша паналау орталығы ашылған.