Грузияны қымбатшылық жайлап барады
Бағаның өсуі туристерді де үнемшілдікке үйретті.
Өйткені шетелдік саяхатшылар баяғдай емес арзан тауарлар ғана сатып алатын болған.
Грузияда инфляциядан көп зардап шегіп отырған саланың бірі – туризм. Бағаның шарықтауынан турпакеттерге тапсырыс беруші шетелдіктер қарасы азайған. Сарапшылар мұны өткен жылғы ахуалмен түсіндіреді. Былтыр мейрамханалар мен қонақ үйлердегі қызмет 14%-ке қымбаттаған еді.
Саломе Гелашвили, халықаралық экономика мектебінің жетекші экономисі:
- Өткен жылмен салыстырғанда биыл бағалар біршама тұрақталды. Бірақ былтырғы деңгейден әлі түскен жоқ. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығынан ауыл шаруашылығы жапа шегіп, өнім аз болды. Осының кесірінен қыркүйекте жеміс-жидектің бағасы өсті.
Русудан Джапаридзе, Грузия гидтері қауымдастығының мүшесі:
- Қызмет көрсету саласы халықаралық нарыққа тікелей тәуелді. Егер өнім қымбаттаса, азық-түлік, қонақ үй бәрі қымбаттайды. Әсіресе жанармай құнының артуы бірден әсер етеді.
Грузияда бензин құны 2021 жылдан бері қымбаттай бастады. Былтыр көктемде ол 12%-ке көтерілді. Биыл да құбылып тұр.
Ото Абесадзе, экономист:
- Еліміздің ұлттық валютасы жыл сайын құнсызданып барады. Соның салдарынан логистикалық шығындар артты. Қазір Грузия жанармайды экспорттаудың балама жолдарын іздестіріп жатыр. Егер шикізат өзге елден тасымалданатын болса, оның литрі 4 лариден асып кетуі мүмкін. Сәйкесінше тауарлар мен қызмет құны тағы 10%-ке өседі.
Сарапшылардың сөзінше, Грузияда баспана мен оқу бағасы да тым жоғары. Соның кесірінен табысы төмен отбасылар қатты зардап шегіп жатыр, - дейді олар.
Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили.