Гонконг Коину дауылына қарсы дайындық шарасын күшейтті
Гонконгта "Коину" дауылына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Дүлей жел аймаққа сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соғады деген болжам бар. Қала тұрғындарына аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауға кеңес берілген. Сондай-ақ теңіз жағалауына бармау керектігі ескертілген. Өңірдегі барлық мектептер уақытша жабылған. "Коину" дауылы өткен бейсенбі күні Тайваньның оңтүстік бөлігіне соғып, 430 адам жапа шекті. 1 тұрғын көз жұмды.