Израиль Ливан шекарасына танктер қойды

Израиль Ливан шекарасына танктер қойды

Палестиналықтар мен Израиль күштері арасында қақтығыс жалғасуда.

Түнде Иордан теңізінің Батыс жағалауында, соның ішінде Каландия бақылау бекетінде оқ атылды.

Шабуыл салдарынан 3 палестиналық қаза тапты. Соңғы ресми мәлімет бойынша мерт болған палестиналық саны 370-ге жетті. Оның 20-ға жуығы бала. Газа секторына израильдік әуе шабуылдарынан кейін, 2 мыңға жуық адам түрлі жарақат алды. Ал Израильде кем дегенде 700 адам қаза тапты. Израиль Ливан шекарасына танктерін орналастырды. Жауап ретінде 2006 жылы бұл елмен соғысқан ливиялық «Хезболла» жасақтары Израиль әскери күштеріне зымыран атып, артиллериядан оқ жаудырды. Олар ХАМАС-ты қолдайтындарын жариялады. Премьер-Министр Беньямин Нетаньяху қауіпсіздік басшыларымен кездесті. Ал Газадағы 20 мыңнан астам палестиналық Біріккен Ұлттар Ұйымы басқаратын мектептерді паналап, қақтығыстың аяқталғанын тілеп отыр.